


Жаратылыстану — техникалық факультетінің оқытушысы, философия докторы, Б. Керімбай студенттердің «Географ зерттеуші» ғылыми үйірмесінде «Ресей Федерациясының қоршаған ортасы және географиясы» тақырыбын хакатон форматында өткізді. Мақсаты: Қазақстанмен шекаралас елдердің қоршаған ортасын танып білу және нәтижесін цифрлық оқу материалы етіп, авторлық өнім әзірлеу. Бұл үдеріс студенттерге ЖИ технологияларын пайдалана отырып цифрлық ресурстарды қолданбалы-практикалық тұрғыдан меңгеру және бәсекеге қабілетті контент жасау дағдыларын игеруге мүмкіндік береді.
Бірінші кезеңде студенттер Ресейдің әкімшілік-аумақтық құрылымы және аймақтық дамуы, Қоршаған ортасы, экологиясы және табиғи ресурстары, Ірі қалалары, Инфрақұрылымы, Геосаяси жағдайы тақырыптары бойынша кейс құрды.
Екінші кезеңінде ЖИ технологияларын пайдалана отырып, зерттеу нәтижелеріне негізделген цифрлық интерактивті авторлық оқу материалдарын қорғады. Хакатон қорытындысы бойынша «Digital Infographics» цифрлық визуализация және деректер базасы кейсі үздік деп танылып Ж.Есенгелді бас жүлдені алды. К.Бидайбек 1- орын, Н.Болат, А. Амирбаева 2- орын, Д. Жақсыбек 3 – орын иеленді. Жеңімпаздарға Жаратылыстану — техникалық факультеті деканының Алғыс хаты, сондай-ақ БжЭ, ҒЗИ, экология зертханасының түрлі номинациялар бойынша марапаттары табысталды.
#SDG #ЦУР #ТДМ



