





І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Жаратылыстану пәндері кафедрасы облыстық білім басқармасының Әдістемелік орталығымен бірлесе отырып, мектеп мұғалімдері арасында облыстық пәндік олимпиада ұйымдастырды.
Биылғы білім сайысына облыстың 8 ауданы мен 2 қаласынан, сондай-ақ 2 жеке меншік мектептен үздік мұғалімдер қатысты.
Олимпиаданың практикалық кезеңі университеттің жаратылыстану пәндері кафедрасында өткізіліп, қатысушылар биология, химия және география пәндері бойынша өздерінің кәсіби және практикалық шеберліктерін көрсетті. Бағалау жұмыстарына университеттің тәжірибелі оқытушылары мен мамандары тартылды.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, пәндік шеберліктерін дамыту және өңірдегі білім сапасын көтеру.
Білім додасының қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды.
#SDG #ЦУР #ТДМ






