І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2025–2026 оқу жылына арналған ішкі виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша қазақстандық жетекші ғалымдар жоғары оқу процесіне тартылуда. Осы жоспар аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент) Кудайбергенова Батес Маликовна университетіміздің 7М01507 – «Химия» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттарына арналған «Theoretical aspects of organic chemistry» пәні бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар жүргізді. Бұл бастама білім сапасын арттыруға, ғылыми-инновациялық әлеуетті дамытуға және магистранттардың кәсіби құзыреттілігін нығайтуға бағытталған.


