








2025 жылғы 10–28 қараша аралығында Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша білім беру бағдарламаларының ішкі виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасы өтті.
Қауымдастырылған профессор, PhD Алғазы Күнболат Тілеуханұлы 6В06102 – Ақпараттық жүйелер бакалавр студенттеріне “Инновационные технологии защиты цифровой информации” пәні бойынша дәріс оқып, зертханалық жұмыстар жүргізді.
Курс студенттерге ақпараттық технологиялар саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді үйретеді.
Сондай-ақ, бұлтты ортада деректер мен қосымшаларды қорғау әдістері бойынша теориялық және практикалық білім береді.
Академиялық ұтқырлық тәжірибесі студенттерді цифрлық ақпаратты қорғау саласындағы жаһандық міндеттерді шешуге дайындады. Студенттер цифрлық ақпаратты қорғау саласындағы озық технологиялармен жұмыс істеу үшін қажетті өзекті білім мен практикалық дағдыларға ие болды.
#SDG #ЦУР #ТДМ

