Сыртқы виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Сыртқы виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде 2025 жылғы 4 қараша мен 29 қараша аралығында Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің доценті, э.ғ.к Татьяна Климова «6В04103- Менеджмент» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне «Маркетинг» пәні бойынша дәріс жүргізді.

2025 жылғы 27 қазан мен 29 қараша аралығында И.Т. Трубилин атындағы Кубань мемлекеттік аграрлық университетінің э.ғ.к Мария Зайцева «6В04102 – Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне «Государство и бизнес» пәні бойынша дәріс жүргізді.

Сабақ барысында дәріс-пікірталас форматы, практикалық кейстерді талдау, топтық жұмыс, іскерлік ойындар және мультимедиялық материалдар пайдаланылды. Қолданылған әдістер теориялық материалды тәжірибеге бағытталған тәсілмен біріктіруге мүмкіндік берді.

Нәтижесінде:

  • студенттердің теориялық және практикалық дайындық деңгейі артты;
  • проблемалық жағдайларды талдау және басқарушылық және маркетингтік шешімдерді әзірлеу дағдылары жетілдірілді;
  • білім алушылардың мотивациясы және оқу процесіне белсенді араласуы қамтамасыз етілді;
    – кәсіби ой-өрісін кеңейту және шақырылған мамандар ұсынған заманауи тәсілдермен танысу қамтамасыз етілді.

Шетелдік ғалымдардың қорытынды сабақтарына мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының меңгерушісі Н.Сыздыкбаева және оқытушы – дәріскерлер Ж.Сюбебаева мен Ж.Тұрғамбекова қатысты.

#SDG #ЦУР #ТДМ