28 қараша күні қазақ тілі мен әдебиет апталығы аясында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері Чалтикенова Ләззат Аляхиметқызының басшылығымен «Филология» ББ 3 курс студенттері «Әсемдік пен әдеп» клубының ашылу салтанатын өткізді.
Мақсаты: Білім алушылардың өзін-өзі ұстау, жеке стиль, сыртқы мәдениет, сөйлеу әдебі сияқты дағдыларын дамыту; қоғамда жауапты, зиялы, сыпайы тұлға қалыптастыруға ықпал ету; әдептану, эстетика, психология, қарым-қатынас мәдениеті бағытында тәрбиелік семинарлар, тренингтер өткізу; әсемдік пен әдепке қатысты әдеби, мәдени, тарихи еңбектерді талдау, үйрену; тіл мәдениеті мен сөйлеу техникасын жетілдіру; қыздарға киім кию мәдениеті, жеке имидж қалыптастыру, ортада өзін ұстай білу дағдыларын үйрету; коммуникативтік этикет, көпшілік алдында сөйлеу, ресми ортадағы жүріс-тұрыс нормаларын практикада қолдандыру.
Клуб отырысы оқу жылының соңына дейін ай сайын өтетін болады. Жыл соңына қарай клубымыз жақсы көрсеткіштерге жетеді деп сенеміз.
