Видео байқау жеңімпаздары марапатталды

Жетісу университеті Полиция Департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп студенттер арасында «Заң мен тәртіп және нашақорлықпен күрес» тақырыбында видео байқау ұйымдастырған болатын. Байқауға факультеттер мен Жансүгіров колледжінен 200 астам студент видео жұмысын ұсынды.

Қазылар алқасы видео жұмыстардың ішінен тақырыпқа сай, сапалы әрі айтатын ойы бар деген жұмысты анықтап, жеңімпаздарды марапаттады.

І орынды Құқық және экономика факультетінің студенті Райымбек Айдарұлы, ІI орынды Гуманитарлық факультетінің студенті Шынар Шаяхмет, Педагогика және психология факультетінің студенті Тоқтасын Аружан иеленді. Ал ІII орынды Жаратылыстану-техникалық факультеті мен Физика-математика факультетінің студенттері Қапыш Анель мен Дамир Сұраншы өзара бөлісті.

Жеңімпаздардың видео контенті Жетісу университетінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant