Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қонаев университетінде «Қоғамның цифрлық трансформациясы жағдайында мемлекет пен құқық дамуының өзекті мәселелері» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.

Оған І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Құқық және экономика факультетінің 4 курс студенттері Алуа Кендебаева мен Інжу Құрманбек қатысты. Құрманбек Інжудің «Өзгерістерге қарсылықты басқару», Кендебаева Алуаның «Мемлекеттік басқарудағы өзгерістерді қабылдау қиындығы» тақырыбындағы мақалалары үздік деп танылып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі Мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының оқытушысы, PhD Жансая Тұрғамбекова.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant