Қазақстан Республикасының 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы, 102 «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» кіші бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан:
• AP25796283 – «Wolfram Alpha нейрондық желісі негізінде математика мұғалімдерінің кәсіби даярлығының теориялық негіздемесін практикалық тұрғыда әзірлеу» (жетекшісі: Абдулаева Рима Ергалиевна);
• AP25795177 – «Инклюзивті білім беру жағдайында робототехниканы оқыту технологиясы» (орындаушы: Мухашева Меруерт Бауыржановна) ғылыми жобалары бойынша 2025 жылдың 3–4 желтоқсанында Түркияның Стамбул қаласында өткен “INTERNATIONAL HALICH CONGRESS” халықаралық ғылыми конференциясына іс-сапар орындалды. Конференция аясында сала мамандарымен тәжірибе алмасу жүзеге асырылып, ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және зерттеу бағыттарын жетілдіру бойынша келіссөздер жүргізілді. Бұл іс-сапар жас ғалымдардың кәсіби дамуына, Қазақстан ғылымының халықаралық аренадағы беделін арттыруға және жаңа серіктестік байланыстардың қалыптасуына ықпал етті.



