Постдокторанттардың халықаралық іссапары

«Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы, «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» кіші бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба жетекшілері мен орындаушылары (AP25796283 – «Wolfram Alpha нейрондық желісі негізінде математика мұғалімдерінің кәсіби даярлығының теориялық негіздемесін практикалық тұрғыда әзірлеу» жетекшісі: Р. Абдулаева); (AP25795177 – «Инклюзивті білім беру жағдайында робототехниканы оқыту технологиясы» орындаушы: М. Мухашева) Стамбул қаласында өткен “INTERNATIONAL HALICH CONGRESS” халықаралық ғылыми конференциясына қатысып қайтты.

Конференция аясында сала мамандарымен тәжірибе алмасып, ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және зерттеу бағыттарын жетілдіру бойынша келіссөздер жүргізді.

Бұл іс-сапар жас ғалымдардың кәсіби дамуына, отандық ғылымының халықаралық деңгейде беделін арттыруға және жаңа серіктестік байланыстардың қалыптасуына ықпал етті.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant