2025 жылы 08 желтоқсанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультеті Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының 2 курс ТҚ 211 топ білімгерлері мен топ кураторы Қаратаева Динара Ғалымбайқызы «AI-Sana» ұлттық бағдарламасы аясында тәрбие сағатын өткізді. Шарада білімгерлерге «AI-Sana» бағдарламасының мақсаттары, жасанды интеллекттің білім берудегі маңызы мен нәтижелері таныстырылды. Білімгерлер өз ойларын ашық білдірді.



