«AI SANA ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӨЗҚАРАСЫМЕН: ҮЙРЕНЕМІЗ, ЖАСАЙМЫЗ, БОЛАШАҚТЫ ӨЗГЕРТЕМІЗ»
КОНКУРС БАҒДАРЛАМАСЫ
Конкурстың мақсаты
Студенттер арасында жасанды интеллект құралдарын шығармашылық және техникалық тұрғыда қолдануды насихаттау; қысқа бейнероликтер форматындағы авторлық жобаларды қолдау; визуалды және дыбыстық контент жасауда ЖИ-дің әлеуетін көрсету; номинациялар бойынша үздік жұмыстарды анықтап, марапаттау.
Ұйымдастырушылар: цифрландыру және техникалық қамтамасыз ету департаменті, цифрландыру және процестерді автоматтандыру бөлімі.
Қатысушылар: университет білім алушылары.
Жұмыстардың форматы
- Ұзақтығы 1–3 минут болатын қысқа бейнеролик.
- Ролик ЖИ құралдарын қолдану арқылы жасалуы тиіс (видео/кескін/дауыс генерациясы, стильдеу, сөйлеу синтезі және т.б.).
- Файл форматы: FullHD, көлемі 500 МБ-тан аспауы керек.
- Титрлардың міндетті түрде болуы (ролик атауы, автор(лар)).
- Музыкалық немесе дыбыстық сүйемелдеудің болуы (дауыс синтезін қоса алғанда).
Тақырып
«AI SANA ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӨЗҚАРАСЫМЕН: ҮЙРЕНЕМІЗ, ЖАСАЙМЫЗ, БОЛАШАҚТЫ ӨЗГЕРТЕМІЗ»
Номинациялар
- Ең үздік сахналық сюжет — оқиға, сценарий және қойылым.
- Ең үздік визуалды генерация — визуал сапасы мен бірегейлігі (ЖИ арқылы жасалған графика/анимация).
- Ең үздік дыбыстық/музыкалық композиция — музыка және дыбыстық безендіру (дауыс синтезін қоса алғанда).
Техникалық және этикалық талаптар
- Тиісті лицензиясыз авторлық құқықты бұзатын материалдарды қолдануға болмайды.
- Зорлық-зомбылықты, өшпенділікті, кемсітушілікті, экстремизмді, порнографияны және т.б. насихаттайтын мазмұнға тыйым салынады.
- Нақты адамдардың бейнесін немесе дауысын қолданған жағдайда жазбаша келісім алу міндетті.
Жұмыстарды тапсыру тәртібі
- Тіркеу формасын толтыру және роликті жүктеу: https://forms.gle/EWT2KJmRbsnP96uy6
- Тапсырудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 22 қаңтарға дейін.
Таймлайн
- Өтінімдерді қабылдаудың басталуы: 2025 жылғы 18 желтоқсан.
- Өтінімдерді қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 22 қаңтар.
- Алдын ала іріктеу: 2026 жылғы 23 қаңтар.
- Қазылар алқасының бағалауы: 2026 жылғы 27 қаңтар.
Марапаттар мен сыйлықтар
- Әр номинация бойынша 1, 2, 3-орындар — дипломдар мен сыйлықтар.

