Этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы

2025 жылғы 19 желтоқсанда университетте Этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті, кеңейтілген отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібіне бірқатар мәселелер енгізіліп, олар жан-жақты талқыланды.

Алдымен Физика-математикалық факультетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген іс-шаралар бойынша комиссия мүшелері Дүйсен Аңсабаев пен Гүлнар Исламжанова баяндама жасады.

Баяндамада 2025 жыл ішінде факультетте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, академиялық адалдықты нығайту және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында жүзеге асырылған іс-шаралар кеңінен қамтылды.

Сонымен қатар студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы арасында жүргізілген сауалнаманың қорытындылары ұсынылып, алынған нәтижелер бойынша жан-жақты талдау жасалды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша факультеттің материалдық-техникалық базасын жетілдіру бағытында 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп тыңдалды.

Атап айтқанда, оқу аудиторияларын жаңарту, заманауи техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру мәселелері қозғалды.

Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant