І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультеттің ұйымдастыруымен түсірілген «S_Academ» атты подкаст академиялық ұтқырлық аясында білім алу мәселесіне арналған.
Подкаст жүргізушісі: Гуманитарлық факультетте академиялық ұтқырлық ісіне жауапты, Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушы-дәріскері Тлегенова Г.А.
Подкаст қатысушылары: Гуманитарлық факультеттің «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаларына ішкі академиялық ұтқырлық аясында Шәкәрім университеті, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтынан келген білімгерлер.
Подкаст барысында академиялық ұтқырлықтың білім алушылар үшін ашатын білім беру, мәдени және кәсіби мүмкіндіктері, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің академиялық ортасында тәжірибе жинақтаудың артықшылықтары, оқу үдерісіне бейімделу ерекшеліктері мен алған білімді болашақ кәсіби қызметте тиімді қолдану жолдары кеңінен талқыланады. Сонымен қатар, академиялық ұтқырлықтың тұлғалық өсуге, коммуникативтік дағдыларды дамытуға және академиялық көзқарасты кеңейтуге ықпалына ерекше назар аударылады.
#SDG #ЦУР #ТДМ

