Istanbul University-де ғылыми-зерттеу тағылымдамасы

2025 жылғы 15-21 желтоқсан аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құқық және экономика факультетінің зерттеушілері Istanbul University (Түркия) базасында ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті. Тағылымдамаға факультет деканы Телеуев Галым Байгазыевич, оқытушы-дәріскер Лемещенко Олеся Витальевна, сондай-ақ докторанттар Ахмет Ғалымжан Бауржанұлы мен Молдагалиева Айжан Сундетовна қатысты.

Тағылымдама барысында Istanbul University-нің жетекші ғалымдары мен заң факультетінің деканы Prof. Dr. Fethi Gedikli, сондай-ақ белгілі құқықтанушы ғалымдар Prof. Dr. Emrehan İnal және Prof. Dr. Cemil Kaya қатысуымен ғылыми кеңестер ұйымдастырылды.

Зерттеу мәселелерін сараптамалық талқылаумен қатар, Отбасы жылы аясында өткізілген отбасы құқығы саласындағы өзекті өзгерістерге арналған симпозиумға қатысып, зерттеу жұмысының аясында ғылыми жарияланымдар жинақталды.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant