



Заманауи білім біздің көзіміздің алдында трансформацияланып жатыр. Жасанды интеллект тек технологиялық жаңалық болмай, тиімдірек, жылдам әрі қызықты түрде оқуға көмектесетін қуатты құралға айналуда.
Цифрлық трансформация дәуірінде университеттер нейрондық желі технологияларын интеграциялау орталығына айналуда. Жасанды интеллект жоғары оқу орнында тек оқу процесінде көмекші емес, ғылымға, оқытуды ұйымдастыруға және білім беру траекторияларын басқаруға жаңа көзқарас беретін негізгі құрал болып табылады.
«Асыл қазына университеті» жобасы аясында Құзыреттер және қосымша білім беру орталығы 2025 жылдың 1-13 желтоқсан аралығында 50+ ПОҚ және қызметкерлер үшін жасанды интеллект пен нейрондық желілерді педагогикалық қызметте пайдалану бойынша практикалық курс ұйымдастырылып, өткізілді. Бұл курс барысында тыңдаушылар тек теорияны ғана емес, жоғары білімнің цифрлық трансформациясының қолданбалы аспектілеріне терең бойлады.
Курс информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы-дәріскері, PhD, Есейқызы Айым, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект кафедрасының оқытушы-дәріскері, PhD, Абдуалиева Рима Ерғалиевна тарапынан өткізді.
#SDG #ЦУР #ТДМ

