Құттықтаймыз!

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушылары мен қызметкерлері “Болашақ” халықаралық бағдарламасы “500 ғалым” тағылымдамасы грантының иегерлері атанды:
1) Есейқызы Айым — Физика-математика факультетінің оқытушысы, PhD — Джонс Хопкинс университеті — Johns Hopkins University (Вашингтон қ., АҚШ);
2) Нургалиева Динара Базарбаевна — Халықаралық ынтымақтастық орталығы директорының орынбасары, MSc — Рединг университеті — University of Reading (Рединг қ., Англия);
3) Абдуакасов Айбек Серікқажыұлы — Молекулалық генетика және геномика зертханасының кіші ғылыми қызметкері, MSc — Куинсланд университеті — The University of Queensland (Брисбан қ., Австралия).

Ғылыми тағылымдама аясында біздің ғалымдар үздік шетелдік жоғары оқу орындарында білім алып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырып, шетелдік ғылыми қауымдастықпен тығыз байланыс орнату мүмкіндігіне ие болды.

Аталған шетелдік университеттер QS әлемдік рейтингісінде ТОП 200 ЖОО қатарына кіреді: Джонс Хопкинс университеті 24-орында, Куинсланд университеті 42-орында, ал Рединг университеті 194-орында тұрақтаған.

«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарын құттықтаймыз!

ТДМ #SDG #ЦУР

AI Assistant