




2025 жылғы 23–29 желтоқсан аралығында AP26104341 «Жақсартылған тіс жанасуын талдау тәсілін қолдана отырып, жаңа композитті тік беріліс конструкциясын зерттеу» ғылыми жобасы аясында жетекші ғылыми қызметкер Чингис Хармысов АҚШ-тың Остин қаласындағы Техас университетіне ғылыми іссапарда болды.
Іссапар барысында Cockrell School of Engineering құрамындағы Walker Department of Mechanical Engineering кафедрасында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Зерттеулер материалдардың қасиеттерін және түйісу аймағында жүретін беткі процестерді талдау мақсатында рамандық спектроскопия әдісін қолдануға бағытталды.
Сапардың негізгі мақсаты – композиттік тісті берілістерді зерттеу кезінде қолданылатын заманауи эксперименттік тәсілдермен және деректерді интерпретациялау әдістерімен танысу.
#SDG #ЦУР #ТДМ



