Год: 2025

Қысқы мектеп — 2025

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұйымдастыруымен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби шеберлігін жетілдіру, жаңа инновациялық технологияларды оқу процесіне енгізу мақсатында «Қысқы мектеп» педагогикалық шеберлік әдістемелік аптасы өтті. Апталық аясында Құқық және экономика факультетінің секциялық отырысы өтті. Секциялық отырыста құрметті қонақ ретінде з.ғ.к., Д.Қонаев университеті конституциялық, халықаралық құқық және кеден ісі  кафедрасының доценті А.Д. Дархамбаева, э.ғ.к., Алматы менеджмент университетінің …

Қысқы мектеп — 2025 Read More »

Жаратылыстану-техникалық факультетіндегі «Қысқы мектеп» әдістемелік апталығы

08-10.01.2025 ж. уақыт аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұйымдастыруымен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби шеберлігін жетілдіру, жаңа инновациялық технологияларды оқу процесіне енгізу мақсатында “Қысқы мектеп” педагогикалық шеберлік әдістемелік аптасы өтті.«Қысқы мектеп»  әдістемелік апталығы аясында 2025 жылы 10 қаңтарда сағат 14.00-16.00 аралығында Жаратылыстану-техникалық факультетінің секциялық отырысы өтті. Секциялық отырыста б.ғ.к., Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің биология кафедрасының …

Жаратылыстану-техникалық факультетіндегі «Қысқы мектеп» әдістемелік апталығы Read More »

Түсіндірме жұмыстары

Физика-математика факультеті, физика-математика кафедрасының 4-курс білім алушылары (МҚ-411 және МПҚ-411 топтары) үшін алдағы педагогикалық практикаға байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Студенттерге қазіргі қолданыстағы Bilimclass платформасымен жұмыс жасау тәртібі мен мүмкіндіктері түсіндіріліп, құжаттамаларды дайындау және рәсімдеу ережелері көрсетілді. Іс-шараны ұйымдастырған: жұмыс беруші, оқытушы-ассистент Иса Р.

Қысқы мектеп

2025 жылдың 10 қаңтарында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті гуманитарлық факультетінде «Педагогикалық шеберлік-2025» қысқы мектебінің секциялық отырысы өтті. Университет профессор-оқытушылар құрамының кәсіби шеберлігін жетілдіру, жаңа инновациялық технологияларды оқу үдерісіне енгізу мақсатында жүргізілген қысқы мектепте гуманитарлық факультеттің профессор-оқытушылар құрамы: Калиева Б.Т. (Тақырыбы: «Тарих пәнін оқытудағы коммеморативті тәжірибелердің маңыздылығы»),   Қайрбек А., Омарбекова Г.М. (Тақырыбы: «Effective Strategies For …

Қысқы мектеп Read More »

«Қысқы мектеп» әдістемелік апталығы

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұйымдастыруымен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби шеберлігін жетілдіру, жаңа инновациялық технологияларды оқу процесіне енгізу мақсатында «Қысқы мектеп» педагогикалық шеберлік әдістемелік аптасы өтті. Апталық аясында Жаратылыстану-техникалық факультетінің секциялық отырысы өтті. Секциялық отырыста б.ғ.к., Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Г.Анарбекова, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар …

«Қысқы мектеп» әдістемелік апталығы Read More »

Академиялық адалдық және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу

Бүгін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериев және комплаенс-офицері Болат Қабыкенов университет қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары талқыланды. Комплаенс-офицер Болат Қабыкенов қызметкерлер мен студенттер арасында академиялық адалдықты сақтау керектігін айтып, студенттердің құқықтарын қорғау мәселесіне де …

Академиялық адалдық және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу Read More »

«Педагогикалық шеберлік-2025» қысқы мектебі

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2025 жылдың 8-10 қаңтар аралығында профессорлық-оқытушы құрамының кәсіби шеберлігін  жетілдіру, тәжірибе алмасу мақсатында «Педагогикалық шеберлік-2025» қысқы мектебі ұйымдастырылды. Қысқы мектеп  жұмысына Назарбаев университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Satbayev University профессорлары қатысып  тәжірибелерін бөлісті. Білім берудегі жаңа трендттер, студенттер мен оқытушылардың академиялық жазу дағдыларын дамыту …

«Педагогикалық шеберлік-2025» қысқы мектебі Read More »

Биылғы 2024-2025  оқу жылының 13.01-22.02 аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 6В01601  – Тарих 3,4 курс білімгерлері оқу жоспарына сәйкес қала мектептерінде практикадан өтеді. Педагогикалық тәжірибенің бағыттау конференциясында студенттер өздеріне жүктелген міндеттермен танысып, ұйымдастыру жұмыстары туралы мағлұмат алды. Білім беру бағдарламасының оқытушылары білімгерлерге күнделікті кәсіби қызметіне қажетті білім, білік, дағдыларды кеңейтіп, жауапкершілікпен атқаруды кеңес берді және …

Read More »

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гранада университетімен келісімшарт жасасты

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті академиялық, мәдени және ғылыми қарым-қатынасты нығайту мақсатында Гранада университетімен (Гранада қ., Испания) келісімшарт жасасты. Гранада университеті 1531 жылы құрылып, ғасырлар бойы оқыту дәстүрін қалыптастырған, байырғы жоғары оқу орнының бірі. Аталған университет Испанияның тарихы мен мәдениетіне тығыз байланысы бар білім және ғылым орталығы. QS WUR әлемдік рейтингісінде Гранада университеті 431-орынды иеленеді. …

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гранада университетімен келісімшарт жасасты Read More »

Бастапқы конференция

Информатика және білімді цифрландыру кафедрасы 10.01.2025 жылы 7М01503-«Информатика» мамандығының 2 курс магистранттарына зерттеу практикасы алдында бастапқы конференциясын ұйымдастырды. Конференцияға п.ғ.д., профессор Е.Ж.Смағулов, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.О.Алдабергенова, кафедра меңгерушісі К.К.Забиева қатысып, ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырудың теориялық — әдіснамалық, әдістемелік және ұйымдастырушылық аспектілері туралы құнды ақпарат беріп, пайдалы кеңестерімен бөлісті.

AI Assistant