2025 жылғы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» және Мемлекеттік ғылыми стипендияның иегерлері анықталды.
Аталған байқау қорытындысы бойынша І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Гуманитарлық факультет деканы, философия докторы (PhD), педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) міндетін атқарушы Райгуль Желдибаева «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» атағына ие болды.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Смагулов Есенғали Жексембайұлы 2025 жылғы Мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды.
Бұл – білім мен ғылым саласындағы жоғары кәсіби шеберліктің, қажырлы еңбектің және педагогикалық жетістіктің айқын көрінісі.
Есенғали Жексембайұлын және Райгүл Серікқызын ғылыми жетістіктерімен құттықтай отырып, кәсіби өрлеу мен шығармашылық табыс тілейміз!
#SDG #ЦУР #ТДМ

