ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІҢ ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІ – 2026 «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙ, ДАМУ ҮРДІСТЕРІ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ»

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде педагогикалық шеберлік саласындағы жаңа жетістіктерді жан-жақты қарастыру, университеттің профессорлық-оқытушы құрамының кәсіби шеберлігін жетілдіру және тәжірибе алмасу мақсатында дәстүрлі педагогикалық шеберліктің қысқы мектебі 2026 жылдың 08–09 қаңтар күндері өтеді. Биылғы оқу жылындағы қысқы мектеп «Жасанды интеллект: қазіргі жағдайы, даму үрдістері және болашағы» тақырыбында ұйымдастырылған.

2026 жылдың 08 қаңтарында өткен «Жасанды интеллект – білім беру үдерісін трансформациялау құралы» атты пленарлық отырысқа Астана қаласы А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының цифрлық даму және ақпараттық технологиялар орталығы басшысының орынбасары Баймамыров Б.А., Алматы қаласы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 8D01502 «Информатика» білім беру бағдарламасының докторанты Жилкишбаева З.А., Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің директоры Нұрғожаев Ш.Б. және директордың орынбасары Сатқұлов Б.Б. қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінен процестерді цифрландыру және автоматтандыру бөлім басшысының м.а.Жайлау Е.Ж. аралық бақылауды ұйымдастыру үшін тест бағдарламасын презентациялады. Пленарлық отырыс соңында баяндамашыларға Басқарма төрағасы – Ректор Е.Бурибаевтың атынан Алғыс хат табысталды.

Қысқы мектептің барысы тыңдаушыларды ауқымды қамту үшін ZOOM платформасы және YouTube видеохостингі арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant