МАСТЕРМАЙНД«БОЛАШАҚ ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЖАҢА ҚҰЗЫРЕТТЕР МЕН КАДРЛАР ДАЯРЛАУ БАҒЫТТАРЫ»

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2026 жылдың 9 қаңтар күні стейкхолдерлардың қатысумен тәжірибе алмасу мақсатында дәстүрлі педагогикалық шеберліктің қысқы мектебі аясында «Болашақ еңбек нарығы және жасанды интеллект: жаңа құзыреттер мен кадрлар даярлау бағыттары» атты мастермайнд өтті. Аталған шараға қатысқан жұмыс берушілер:

  • PwC (PricewaterhouseCoopers) аға менеджері Турысбаев А.;
  •  «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Жетісу облыстық филиалының басшысы Атантаев Б.М.;
  •  «Жетісу» туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Капасов М.К.;
  •  «Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Балпық би атындағы орта мектебі» КММ мектеп директоры Совет Е.;
  •  «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Кумарова А.Б.;
  •  «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша М.Ломоносов атындағы №5 орта  мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің география пәні мұғалімі Карбозова Ж.Ж.;
  •  «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын ортылығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы Шаяхметова А.А. қатысты.

Олар өз баяндамаларында еңбек нарығының сұранысына сай маман даярлаудағы проблемалар мен ұсыныстар айтылды.                      

Мастермайнд соңында баяндамашыларға Басқарма төрағасы – Ректор Е. Бөрібаевтың атынан Алғыс хат табысталды.

Қысқы мектептің барысы тыңдаушыларды ауқымды қамту үшін ZOOM платформасы және YouTube видеохостингі арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant