



































І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессорлық оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында дәстүрлі спартакиада өтті.
Жарыс спорттың 9 түрінен (волейбол, жүзу, стол теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, гір көтеру, футзал, эстафеталық жарыс және арқан тартыстан ) ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты мен міндеті — университеттің профессорлық оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Спорт жарысына барлығы 236 адам қатысты.
Спартакиада жарысының қортындысы бойынша жалпы командалық есепте жүлделі орынға ие болған командалар және қатысқан барлық командалар ақшалай сыйлық, кубок, медаль және мақтау грамоталарымен марапатталды. І орынды Физика-математика факультеті, ІІ орынды «Жансүгіров» колледжі, ІІІ орынды Гуманитарлық факультеті иеленді.
#SDG #ЦУР #ТДМ

