Жетісу университетінде итальян тілін меңгеру курстары басталды

Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма төрағасы — ректор Ермек Бөрібаев итальян тілін меңгеру курстарына қатысушы студенттер және оқытушылармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ректор шет тілін меңгерудің маңыздылығын атап өтіп, курс тыңдаушыларына жемісті нәтиже мен сәттілік тіледі.

Итальян тілін оқыту курстары 2026 жылғы 12 қаңтарда басталып, 3 шілдеге дейін жалғасады. Курстың негізгі мақсаты – тыңдаушылардың итальян тілін A2 деңгейінде меңгеруіне мүмкіндік жасау.

Аталған курстар «Агрономия» – «Ауылшаруашылық ғылымдары мен технологиялары» атты қосдипломды білім беру бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Бағдарлама Жетісу университеті мен Италияның Марке политехникалық университеті (UNIVPM) арасындағы ынтымақтастық негізінде жүзеге асырылуда.

Сабақтарды итальян тілі пәнінің оқытушысы, қауымдастырылған профессор Алессандро Грасси жүргізеді. Оқу үдерісі Moodle білім беру платформасы мен Zoom онлайн платформасы арқылы ұйымдастырылған.

Курстарға «Агрономия» білім беру бағдарламасының оқытушылары мен білім алушылары қатысуда.

Бұл – Қазақстан мен Италия арасындағы халықаралық қосдипломды бағдарламалар аясында академиялық дайындықты күшейтуге бағытталған маңызды қадам.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant