«Jas galym-2024» жоба орындаушыларының есептік жиыны

2026 жылғы 9 қаңтарда жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған «Jas galym-2024» жоба орындаушыларының есептік жиыны өтті.

Жоба қорытындыларын ұсыну барысында 8 жоба жетекшілері өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін, қол жеткізілген көрсеткіштерді, әзірленген өнімдер мен технологияларды таныстырды. Жас ғалымдардың ұсынған есептері тиісті ғылыми көрсеткіштер бойынша бағаланды.

Есептік жиынға І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Ермек Бөрібаев қатысып, бірқатар жобаларды одан әрі жетілдіру және олардың ғылыми әлеуетін арттыру қажеттігін атап өтті.

Талқылау барысында қатысушыларға сауалдар қойылып, жобаларды кеңейтуге бағытталған нақты қадамдар қаралды.

Алдағы уақытта айқындалған міндеттер бойынша тиісті жұмыстар жүзеге асырылатын болады.

#SDG #ТДМ #ЦУР

AI Assistant