Бастапқы конференция

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының  әдіскерлері  ф.ғ.к. Л.А.Чалтыкенова мен магистр Д.Б.Есимбекова «Филология» білім беру бағдарламасының 3–4 курс студенттеріне өндірістік практикаға дайындық аясында бастапқы конференция өткізді. Конференция барысында өндірістік практиканың мақсаттары мен міндеттері айқындалып, оны ұйымдастыру тәртібі, студенттердің функционалдық міндеттері, есеп беру талаптары және қауіпсіздік ережелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар практика базаларымен өзара байланыс орнату, кәсіби құзыреттерді қалыптастыру және теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру мәселелері талқыланды.

AI Assistant