ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАҒА ЖІБЕРІЛДІ

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 6В03201 – «Журналистика» және 6В03202 – «Қоғаммен байланыс»  білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттеріне арналған  өндірістік практикаға бағыттау конференциясы өтті.

2025-2026 оқу жылындағы алғашқы ауқымды шара №126 аудиторияда ұйымдастырылып, 3 және 4 курс білім алушыларына өндірістік тәжірибенің мақсаты мен міндеті, өту тәртібі және негізгі талаптары айқындалды. Сонымен қатар тәжірибе кезеңінде орындалуы тиіс тапсырмалар, есеп беру құжаттарының мазмұны мен рәсімдеу талаптары да жан-жақты түсіндірілді. 

Журналистика кафедрасының оқытушылары студенттердің кәсіби даярлығын жетілдіру, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекіту және болашақ кәсіби қызметіне қажетті практикалық дағдыларды қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар  өндірістік тәжірибеден өту барысында еңбек тәртібін сақтап, жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен, сапалы орындау қажеттігі де ескертілді. Айта кетерлігі, студенттер Талдықорған қаласында орналасқан «Жетісу» телеарнасы, облыстық «Жетісу», «Вестник Жетісу» газеті, республикалық «Алатау» газеті, Инклюзивті ақпараттық порталы, Б. Римова атындағы облыстық драма театры, облыстық Қоғамдық даму басқармасы, «Jetisu jastary» коммуналды мекемесі, Жетісу облысының халық шығармашылық орталығында ақпарат таратып, журналистік қабілетін шыңдайтын болады.

AI Assistant