




Жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған «Jas galym-2025» конкурсы аясында жоба орындаушыларының кезекті есептік жиыны өтті.
Жиында сегіз жоба жетекшісі жүзеге асырылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін және қол жеткізген көрсеткіштерін баяндап есеп берді. Әр жоба жетекшісі әзірлеген өнімдерін таныстырып, олардың ғылыми жаңашылдығын, практикалық маңызын және коммерцияландыру әлеуетін атап өтті. Сонымен қатар, жобаларды одан әрі жетілдіру, әзір өнімдерді нарыққа шығару мүмкіндіктері талқыланды.
Есептік жиын қорытындысы бойынша алдағы кезеңде жүргізілетін жұмыстардың есебін белгіленген тәртіппен Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығына тіркеу жоспарланды.
#SDG #ЦУР #ТДМ



