«Ашық онлайн энциклопедияны (Уикипедия) қазақ тіліндегі мәліметтермен толықтыру» семинар

2026 жылғы 16 қаңтарда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Ғылымметрия және ғылыми кадрларды даярлау бөлімі және Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірлесуімен «Ашық онлайн энциклопедияны (Уикипедия) қазақ тіліндегі мәліметтермен толықтыру» тақырыбында университетішілік семинар өткізілді.        Семинар барысында PhD, оқытушы-дәріскер Шүкенай Гүлім Төлеуқызы мазмұнды баяндама жасап, Уикипедия платформасының ғылыми-ағартушылық әлеуетін, ашық дереккөздермен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастырудың өзектілігін және ұлттық контентті халықаралық ақпараттық кеңістікке ілгерілетудің маңыздылығын жан-жақты талдады.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Камбарова Куралай Сыдықбековна, сондай-ақ мектеп оқушылары Шәмші Аян мен Болатхан Ақберен Уикипедия платформасында мақала жазу, өңдеу және дереккөздерді рәсімдеу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, нақты практикалық мысалдар ұсынды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар талқыланып, контент сапасын арттыру, авторлық жауапкершілік, ақпараттың сенімділігі мен академиялық адалдық қағидаттарын сақтау мәселелері бойынша ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant