2025-2026 оқу жылының 19 қаңтарынан 14 ақпанына дейін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 6В01602 – «Тарих және қоғамтану» білім беру бағдарламасы бойынша ТҚҚ 111 топ студенттері оқу жоспарына сәйкес қала мектептерінде педагогикалық тәжірибеден өтеді. Осыған орай «Мұғалімнің кәсібіне кіріспе» пәні аясындағы бағыттау конференциясы өткізіліп, шарада білімгерлерге жүктелген міндеттер түсіндіріліп, ұйымдастыру шаралары жөнінде ақпарат берілді. Бағдарлама оқытушылары студенттерге күнделікті кәсіби қызметте қажет болатын білім, білік және дағдыларды жетілдіруді, тапсырмаларды жауапкершілікпен әрі мұқият орындауды ұсынды.


