Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған қалалық ғылыми-практикалық конференция өтті

2026 жылдың 12 қаңтар күні «Ш. Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы» КММ «Тарих» Әдістемелік бірлестігі және І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы бірлесіп Ш. Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Шоқан жолы – білім жолы» атты қалалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды. Конференция жұмысына Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері,  философия докторы (PhD) Калиева Бекзат Тынысбековна, қауымдастырылған профессоры (доцент), т.ғ.к. Тлеубекова Гүлжан Бөлегенқызы, оқытушы-дәріскер,  магистр Қаратаева Динара Ғалымбаевна спикер ретінде қатысты.
Кафедра оқытушылары «Шоқан Уәлихановтың жеке тектік құжаттарын жасанды интеллект негізінде талдау» сияқты тақырыптарда мазмұнды баяндамалар жасады. Конференция барысында спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, мұғалімдерге практикалық ұсыныстар берді.

AI Assistant