2025 жылдың 10–11 желтоқсанында Қазан қаласында Қазан федералды университетінің базасында «Түркі әлемінің ағартушысы Қаюм Насыридің ғылыми-әдістемелік мұрасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталған конференция жұмысына Гуманитарлық факультеттің «Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ 4 курс студенті Әбіш Самат Канатұлы «Каюм Насыри и А.Байтурсынулы как просветители тюркских народов: педагогико-лингвистический аспект» атты баяндамасымен қатысты. Ғылыми жетекшісі: оқытушы-дәріскер, магистр Есимбекова Динара Болатқызы. Қазан федералды университеті жас зерттеушіге сертификат табыстады. Іс-шара түркі әлемінің ғылыми, педагогикалық және мәдени мұрасын зерттеуге қызығушылық танытқан түрлі елдердің ғалымдары мен зерттеушілерін, оқытушыларын біріктірді. Конференция аясында Қаюм Насыридің рухани және ғылыми-әдістемелік мұрасын сақтау, зерделеу және оны қазіргі білім беру кеңістігіне енгізудің өзекті мәселелері талқыланды.
Халықаралық конференцияға қатысу ғылыми диалогті дамытуға және халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға маңызды үлес қосты.
