2026 жылдың 8 қаңтарында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері, магистр Есимбекова Динара Болатқызы «Жасанды интеллектіні оқу пәндерінде тиімді қолдану қағидалары мен тәжірибелері» дөңгелек үстелінде тәжірибесімен бөлісті. «ЖИ және білім беру интеграциясы» тақырыбындағы уоркшоп форматындағы шеберлік сағаты ПОҚ тарапынан жоғары бағаланып, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Е.Ә.Бөрібаевтың алғыс хатымен марапатталды.
