

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедарасының оқытушы-дәріскері , магистр Есимбекова Динара Болатқызы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жас ғалымдарының ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыруға арналған «Jas ǵalym» университетішілік конкурсының грант иегері атанды. Үздіктер қатарынан табылған «Иммерсивті сөздік: қазақ тілін меңгерудегі жаңа парадигма» атты ғылыми жобаның қаржыландыру сомасы – 1000000 тг. Жоба орындаушылары: «Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ 2 курс докторанты Разбекова М.Т., «Филология» ББ 4 курс студенті Қайыржанов Н.
