«Осы жұрт Ілиясты біле ме екен?» атты хакатон өтті.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2 курс білімгерлері арасында «Осы жұрт Ілиясты біле ме екен?» атты хакатон өтті. Шараның басты мақсаты – білім беру үдерісін жаңғыртуға бағытталған заманауи идеяларды ұсыну, жасанды интеллекті тәжірибе жүзінде көрсету арқылы студенттердің шығармашылық әлеуетін арттыру болды.
Хакатон барысында қатысушылар командалық жұмысқа бейімделіп, шығармашылық ойлау қабілетін дамытты, кәсіби шеберлігін шыңдады. Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығына арналған инновациялық жобалар әзірленіп, көпшілік алдында қорғалды. Сонымен қатар ақын шығармаларын мәнерлеп оқу арқылы көркем сөзге деген құрмет пен әдеби талдау дағдылары айқын көрінді.
Байқау қорытындысы бойынша журналистика мамандығының 2 курс білімгерлері белсенділігі мен мазмұнды жобалары үшін жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Аталған хакатон жас ұрпақтың ізденісін арттырды

AI Assistant