ОҚУ ПРАКТИКАСЫНА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ

Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 6В03201 – «Журналистика» және 6В03202 – «Қоғаммен байланыс»  білім беру бағдарламасы  1 курс білім алушыларын алғашқы оқу практикасына жіберуге басғытталған  конференция өтті.

Аталған оқу практикасының мақсаты – болашақ журналистермен PR мамандырын мамандық негізінде тәжірибе жинақтауға бағыттау, БАҚ беттерінде ақпарат алмасып, жеке қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік беру болып табылады.   Шара барысында білім алушыларға тәжірибе кезеңінде орындалуы тиіс тапсырмалар, есеп беру құжаттарының мазмұны мен рәсімдеу талаптары  түсіндіріліп, жеке қауіпсіздікке көңіл бөлу қажеттілігі айтылды. Журналистика кафедрасының оқытушы-дәріскерлері студенттердің кәсіби даярлығын жетілдіру, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекіту және болашақ кәсіби қызметіне қажетті практикалық дағдыларды қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Оқу практикасы «Жетісу университеті» газеті, Жетісу университетің оқу радиостудиясы, Жетісу университетің оқу телестудиясы және Жетісу университетінің Имидждік саясат орталығында жүзеге асырылып, студенттерге мамандық негізінде бағыт-бағдар көрсетілетін болады. 

AI Assistant