Спартакиада қорытындысы
ПОҚ арасындағы университетішілік жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Гуманитарлық факультет жүлделі ІІІ орынды иеленді. Топ жарып шыққан жүлдегерлерімізді құттықтаймыз:
Албатыр Ілескен (Гуманитарлық факультет, журналистика кафедрасы) — тоғызқұмалақтан І орын
Буланов Ержан Олжабаевич (Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы) — шахматтан ІІ орын
Абайдельданова Меруерт Кебековна (Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы) — шахматтан І орын (әйелдер арасында)
Мулик Дәулеткерей (Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы) — гір көтеруден ІІІ орын
Маукебаева Маржана Атласовна (Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы) — жүзуден І орын
Туманбаев Рустам Каирбекович (Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы) — үстел теннисінен ІІ орын
Байгабатова Назгүл Кажимуратовна (Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы) — үстел теннисінен ІІ орын
Арқан тарту (жалпыкомандалық есеп) — факультет ІІ орын
Сонымен қатар, әйелдер арасындағы волейбол жарысында үздік ойын көрсеткен әріптестеріміз де марапатталды:
Байгуданова Гүлжанат Құдайбергеновна — «Үздік ойыншы»
Дүйсебаева Самал — «Үздік байланыстырушы»
Барша қатысушыларға белсенділік үшін алғыс айтамыз!

