





2026 жылдың 19–20 қаңтар күндері Құзыреттер және қосымша білім беру орталығының базасында «Асыл қазына университеті» жобасы аясында аға буын оқытушыларына арналған екі семинар өтті. Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты – егде жастағы адамдардың денсаулығын нығайту, белсенді әрі сапалы ұзақ өмір сүруіне жағдай жасау.
«50 жастан кейін есте сақтау мен зейінді қалай дамытуға болады» атты семинар барысында қатысушылар когнитивтік қабілеттерді дамытудың заманауи тәсілдерімен танысып, есте сақтау мен зейінді шоғырландыруға арналған тиімді жаттығуларды тәжірибе жүзінде орындады.
– «Жас – дамуға кедергі емес екеніне көз жеткіздік. Қарапайым жаттығулардың өзі ойдың сергектігін сақтауға көмектеседі», – деп бөлісті қатысушылар ойларымен.
«Шұғыл жағдайлар кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек» атты семинарда оқытушылар жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгі дағдыларын меңгеріп, жүрек-қан тамыр жүйесінің бұзылыстары мен жарақаттар кезіндегі әрекет алгоритмдерін пысықтады.
– «Енді өзімізді сенімді сезінеміз. Мұндай білім нақты жағдайда адам өмірін сақтап қалуы мүмкін», – деді семинарға қатысушылардың бірі.
«Асыл қазына университеті» жобасы 50 жастан асқан оқытушыларды қолдауға, олардың кәсіби және тұлғалық әлеуетін дамытуға, денсаулығын нығайтуға және өмір сапасын арттыруға бағытталған. Өткізілген семинарлар барысында білім мен тәжірибенің педагогтарға белсенді, сенімді әрі қоғамда сұранысқа ие болып қалуға мүмкіндік беретінінің айқын дәлелі болды.
Семинарларды дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының оқытушы-дәріскері, м.ғ.к., Галиева Гулмира Базархановна өткізді.
#SDG #ЦУР #ТДМ

