Этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы

Жетісу университетінде Этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Бірінші сұрақ бойынша Педагогика және психология факультетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген іс-шаралардың есебі тыңдалды. Жиында факультетте сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, академиялық адалдықты сақтауға және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілгені баяндалды. Студенттер мен оқытушыларға арналған ақпараттық-түсіндіру кездесулері, дәрістер, кураторлық сағаттар және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылған. Сонымен қатар, анонимді сауалнамалар өткізіліп, олардың нәтижелері талданған.

Екінші мәселе бойынша тіркеу офисі сессияның ашықтығын қамтамасыз ету бағытында атқарған жұмыстарын баяндады. Бұл мәселе аясында Тіркеу офисі білім алушылардың оқу жетістіктерін әділ және ашық бағалауды қамтамасыз ету мақсатында бірқатар ұйымдастырушылық және бақылау шараларын жүргізгенін баяндады. Атап айтқанда, емтихандардың ашық өтуіне бақылау жасап академиялық рәсімдердің сақталуын қамтамасыз етіп, ақпараттың қолжетімділігін арттырып, студенттердің өтініш-шағымдарын уақтылы қарап, тиісті шаралар қолданған.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant