«Мұғалімнің практикалық қызметі» атты семинар

2026 жылы 28 қаңтарда сағат 14:00-де І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Ғали Орманов атындағы кітапханасының магистранттар мен докторанттарға арналған залында ЖОО түлектеріне арналған «Мұғалімнің практикалық қызметі» атты семинар ұйымдастырылады. Семинар Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен жұмыс берушілер тарапынан өткізіледі.

Шара барысында «Мағжан Жұмабаев №19 орта мектеп-гимназиясы мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Замзина Қарлығаш Келисовна және Жетісу облысы Білім басқармасының Әдістемелік орталығының әдіскері Әуезова Әсел Асқарқызының баяндамалары жоспарлануда.

AI Assistant