




І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде бітіруші курс студенттеріне арналған «Мұғалімнің практикалық қызметі» атты семинар өтті. Шараны Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы жұмыс берушілермен бірлесіп өткізді.
Семинарда Гуманитарлық факультетінің деканы Райгүл Желдибаева сөз сөйлеп, шараның мақсатына тоқталды. М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының директоры Қ.Замзина, директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Қ. Шеңгелбаева, тарих пәнінің мұғалімі М.Керей баяндама жасады.
Сонымен қатар Жетісу облысы Білім басқармасының қызметкерлері Ә.Әуезова, А.Торпакова, Г. Құдайбергенова түлектерге білім беру жүйесіндегі негізгі ақпараттарды айтып, электрондық журналды толтыру тәртібін түсіндірді. Семинар соңында шара спикерлеріне Алғыс хат берілді.
#SDG #ЦУР #ТДМ


