Түрік тілі курсы бойынша сертификаттар табысталды

Құзыреттер және қосымша білім беру орталығында қазан- қаңтар айлары аралығында түрік тілі курстары ұйымдастырылып өткізілді. Курсқа гуманитарлық, жаратылыстану-техникалық және құқық-экономика факультеттерінің студенттері қатысты. Оқытуды гуманитарлық факультетінің оқытушы-дәріскері Тлегенова Гульнур Алмухамбетовна жүргізді.

Сабақтар  барысында тыңдаушылар негізгі тілдік құзыреттіліктерді игерді. Алынған білім мен қалыптасқан тілдік дағдылар академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде оқуға мүмкіндік берді. Аталған курсты аяқтаған студенттердің ішінен 4 білімгер Түркияның Нийде қаласында орналасқан Нийде Өмер Халисдемир университетіне бір семестрге жіберіледі.

Бұл тілдік даярлықтың тиімділігін растайды және шетелде білім алушылардың табысты академиялық және әлеуметтік-мәдени бейімделуіне ықпал етеді.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant