Химия және биология пәндері бойынша жас мамандарға арналған бірлескен облыстық семинар

Жуырда Жаратылыстану-техникалық факультеті, Жаратылыстану пәндері кафедрасында «Химия және биология пәндері бойынша жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және оқыту сапасын арттыру» тақырыбында бірлескен облыстық семинар өтті.

Семинар жас мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсету, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру және білім беру процесіне заманауи педагогикалық технологияларды тиімді енгізу мақсатында ұйымдастырылды. Семинар барысында білікті, тәжірибелі мамандар жас мамандарға арналған мазмұнды шеберлік кластарын өткізіп, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

Семинардың негізгі міндеті — жас мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, инновациялық оқыту технологияларын тәжірибеде қолдану жолдарын көрсету, зертханалық жұмыстарды ұйымдастырудың заманауи үлгілерімен таныстыру, критериалды бағалау жүйесін тиімді қолдану арқылы білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау және педагогикалық тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.

Семинар барысында Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бөлімінің бас менеджері Р.О. Асылова және облыстық әдістемелік орталығының әдіскері М.Е. Бодауов шебер-сынып өткізген тәжірибелі мамандарды марапаттады.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant