Гранттық қаржыландыру конкурсына берілген өтінімдерді жетілдіру бойынша семинар

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2026 жылғы 2 ақпанда Ғылым және коммерцияландыру департаментінің ұйымдастыруымен гранттық қаржыландыру конкурсына берілген өтінімдерді жетілдіру бойынша семинар өтті.

Семинарға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыру конкурсына өтінім берген ғалымдар мен зерттеушілер қатысты.

Іс-шара барысында Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыс және интернацоналдандыру жөніндегі проректор А. Бахтаулова жоба өтінімдерін қайта жолдау барысындағы маңызды жайттарға тоқталып, жұмыс сапасын арттырудың өзектілігін атап өтті.

Семинардың негізгі бөлігінде Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Л. Карашолакова конкурстық құжаттама талаптарын сақтау, ҰМҒТСО жүйесіндегі өтінім мазмұнын жүйелеу, технологиялық дайындық деңгейін (TRL) көрсету, күтілетін нәтижелерді нақты ұсыну мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ, әр жоба өтінімінің қателіктері жеке сараланып, оларды түзетудің жолдары көрсетілді.

Жиынға қатысушылар талқылау барысында туындаған сауалдарын қойып, тиісті жауаптар алды.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant