2026 жылдың 4-ші ақпан күні Гуманитарлық факультеттің Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы оқытушылары — қауымдастырылған профессор, ф.ғ.к., А.С.Шыныбекова мен оқытушы-дәріскер, ф.ғ.к. А.Е.Турысбековалар Қ.Қасымов атындағы №28 ІТ лицейінің әкімшілік қызметкерлерімен жолығып, І.Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті білім беру бағдарламалары, мектептегі студенттеріміздің практикадан өтулерін ұйымдастыру іс-шаралары туралы ой бөлісті. Кәсіптік бағдар беру мақсатында, мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, болашақтағы бағытын анықтау мақсатында сауалнама алып, жоғарғы сынып оқушыларының таңдайтын, таңдағысы келетін мамандықтарын анықтау мақсатында сұхбат жүргізіп қайтты.

