І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде үстел теннисінен іріктеу жарысы өтті

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде студенттер арасында үстел теннисінен Ұлттық студенттік лига жарыстарына іріктеу жарысы ұйымдастырылды.

Жарыстың негізгі мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, үстел теннисі спорт түріне қызығушылықты арттыру, студенттердің жекелей спорттық шеберлігін дамыту, факультеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ үздік спортшы студенттерді университеттің құрама командасына іріктеу.

Аталған жарысқа барлық факультеттерден алты команда қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша ұлдар арасында
I орын – Нүсіпжан Берден (Гуманитарлық факультет),
II орын – Елубаев Малик (Жетісу университетінің колледжі),
III орын – Құрман Азат (Жетісу университетінің колледжі) иеленді.

Қыздар арасында
I орын – Ерланқызы Мадина,
II орын – Төкен Ақбота (Жетісу университетінің колледжі),
III орын – Тәңірбергенова Гүлнұр (Құқық және экономика факультеті) жеңіп алды.

Жалпы командалық есепте I орынды Гуманитарлық факультет иеленсе, II орынға Жетісу университетінің колледжі тұрақтады. Ал III орын Жаратылыстану-техника факультетіне берілді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Басқарма төрағасы – Ректордың кубогімен, грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant