03.02.2026 ж. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде (Педагогика және психология факультеті) «Заманауи оқытушы және жасанды интеллект: озық тәжірибе алмасу» тақырыбында шебер-сынып өтті.
Шараның мақсаты – оқу үдерісінде жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану тәжірибесімен алмасу, заманауи білім беру мүмкіндіктерін кеңейту.
Шара аясында магистр, оқытушы-дәріскер Г.Ж. Ержанова мен магистр, оқытушы-дәріскер З.М. Исабаева «Арнайы білім беру жүйесінде Action Research және Lesson Study форматтарында ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбы бойынша практикалық тәжірибелерімен бөлісті. Ал «Бастауыш сыныптағы оқу процесінде жасанды интелект мүмкіндіктері» тақырыбында философия докторы (PhD) А.Д. Ансабаева мен магистр, оқытушы-дәріскер Д.М. Сарсекулова баяндама жасап, білім беру тәжірибесінде жасанды интеллект құралдарын қолданудың нақты үлгілерін көрсетті.
Шебер-сыныпқа қатысушылар оқу процесінде жасанды интеллект құралдарын қолдану жолдарын талқылап, кәсіби тәжірибемен алмасты. Аталған шебер-сынып білім беру саласындағы заманауи шешімдерді іздеуге және кәсіби диалог орнатуға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.




