Педагогикалық практика барысында инновациялық ашық сабақ өтті

2026 жылдың 05 ақпанында №14 орта мектеп-гимназиясында 6В01601 – «Тарих» ББ ТҚ 311 топ білімгері Ешмуханбетова Акмарал педагогикалық практика  барысында 9«А» сыныбында «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жариялануы» атты тақырыпта ашық сабағын өткізді.

Ашық сабағы барысында білімгер сыныпты 3 топқа бөліп, инновациялық технологияларды пайдалана отырып өткізді. Сабақ барысында жасанды интеллект құралдары пайдаланылып, өте жоғары деңгейде өтті. Ашық сабаққа педагогикалық практика жетекшісі Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері, философия докторы (PhD) Калиева Бекзат Тынысбековна қатысты.

AI Assistant