Кәсіби тәжірибеге бағыттау конференциясы өтті

2025-2026 оқу жылының 9 ақпанынан 7 наурызына дейін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 6В01602 – «Тарих және қоғамтану (IP)» білім беру бағдарламасы бойынша ТҚҚ 211 топ студенттері оқу жоспарына сәйкес қала мектептерінде тәжірибеден өтеді.

Осыған орай ұйымдастырылған «Психологиялық және педагогикалық бағалау» атты бағыттау конференциясында білімгерлерге тәжірибе барысында атқаратын міндеттері мен ұйымдастыру жұмыстары таныстырылды. Бағдарлама оқытушылары студенттерге кәсіби қызметте қажет білім, білік және дағдыларды жетілдіруді, жауапкершілікпен орындауды кеңес беріп, тапсырмаларға тыңғылықты қарауды міндеттеді.

AI Assistant