Бағыт бағдар беру конференциясы

2026 жылғы 09 ақпанда оқытушы-дәріскер Куатбаева Д.Е. «Физика IP» мамандығы бойынша 2-курс студенттеріне арналған бағыт бағдар беру конференциясын өткізді. Конференцияның мақсаты — студенттерді психологиялық  және педагогикалық бағалау (педагогикалық) практиканың нормалары мен ережелерімен таныстыру болды.

Конференция жұмысына физика және математика кафедрасының меңгерушісі Слямжанова С.С. қатысып, практиканың болашақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтіп, студенттерге сәттілік тіледі.

Іс-шара студенттерді практикадан өтуге даярлау, олардың міндеттері мен тапсырмаларын түсіндіру, сондай-ақ практика жетекшілері мен серіктес ұйымдармен өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Конференция барысында есеп беру құжаттарын рәсімдеуге қойылатын талаптар, практиканың нәтижелерін бағалау критерийлері және кәсіби этика мәселелері қарастырылды.

AI Assistant